Азия чемпионы және Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов бокстан Ташкенттегі (Өзбекстан) әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Асланбек 71 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында француз Макан Траорені төрешілер шешімімен жеңді. Кездесу барысында Франция боксшысы екі рет нокдаунға түсті.

Еске салайық, бұған дейін ширек финалда Серік Теміржанов жарыс жолынан шығып қалған.

Бүгін жарыс жолына Санжар Тәшкенбай (48 кг), Махмуд Сабырхан (54 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг) және Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) рингке шығады.