10 мамырда атакенттік «Мақтаарал» мен «Астана» Қазақстан чемпионатының 19-турының ауыстырылған матчын Шымкентте өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

6 мамырда қарсыластар 8-ші турдың матчында елордада кездесті. Ол ойында 2:0 есебімен жеңісті астаналықтар тойлады, гол авторлары Елхан Астанов пен Абат Айымбетов.

«Мақтаарал» – «Астана» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан астанасы уақыты бойынша сағат 18:00-де басталады.