10 мамырда Ташкенттегі әлем чемпионатында ширек финалдық жекпе-жектер өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалға Қазақстанның жеті өкілі шығады. Олардың қатысуымен өтетін жекпе-жектердің кестесі келесідей:

Түстен кейінгі сессия (Астана уақытымен 15:00-де басталады)

А рингі

Үшінші жұп. 57 кг дейін. Серік Теміржанов (Қазақстан) - Сайдель Хорта (Куба)Сегізінші жұп. 71 келіге дейін. Макан Траоре (Франция) - Асланбек Шымбергенов (Қазақстан)

B рингі

Оныншы жұп. 80 кг дейін. Нұрбек Оралбай (Қазақстан) - Хусейн Эйшайшиашайш (Иордания)

Кешкі сессия (Астана уақытымен 19:00-де басталады)

А рингі

Үшінші жұп. 54 кг дейін. Махмуд Сабырхан (Қазақстан) - Амаду Мохаммед (Гана)Сегізінші жұп. 67 келіге дейін. Дулат Бекбауов (Қазақстан) - Мигель Мартинес (Мексика)

B рингі

Алғашқы жұп. 48 кг дейін. Казума Аратаке (Жапония) - Санжар Ташкенбай (Қазақстан)Он төртінші жұп. 92 келіден жоғары. Баходир Жалолов (Өзбекстан) - Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан)

Qazsport телеарнасы Өзбекстан астанасынан тікелей эфир тараталы. Трансляция ОСЫ ЖЕРДЕ қолжетімді болады.