Бокстан Ташкенттегі әлем чемпионатында 1/4 финалдың барлық қатысушылары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ширек финалдық кезеңнің 104 қатысушысы 32 елдің атынан шығады. Куба алдыңғы кезеңдерінде бір ғана боксшысынан ұтылды: Эрислан Ромеро (52 келі) өзбекстандық Хасанбой Дусматовтан жеңілді. Өзбекстан екі боксшы жарыс жолынан шығып қалды: Шодиер Меликузиев қазақстандық Санжар Ташкенбайдан, ал Жасурбек Юлдошев (80 келі) иорданиялық Хусейн Эйшаишиашайштан жеңілді.

Ресейдің бес боксшысы, Қазақстанның алты боксшысы турнирді ерте аяқтады.

ЕЛ БОЙЫНША 1/4 ФИНАЛҒА ҚАТЫСУШЫЛАР:

12 - Куба

11 – Өзбекстан

8 - Ресей

7 – Қазақстан

6 – Испания

5 – Франция, Грузия

4 – Болгария, Иордания, Тәжікстан

3 – Үндістан, Қырғызстан, Бразилия, Әзірбайжан, Армения

2 - Жапония, Таиланд, Замбия, Моңғолия, Мексика, Қытай

1 - Шотландия, Гана, Тайвань, Колумбия, Венгрия, Венесуэла, Хорватия, Беларусь, Италия, Австрия, Австралия