Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында тағы бір қатысушысы елге ерте оралады, деп хабарлайды Prosports.kz.

75 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда Нұрқанат Райс бразилиялық Вандерлей Перейрамен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіліп қалды.

Осылайша, биылғы әлем чемпионатында жеңілген қазақстандық боксшылардың саны алты спортшыға жетті.