ПСЖ шабуылшысы Лионель Месси жазғы трансферлік терезеде «Аль-Хилалға» ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Беделді AFP агенттігінің хабарлауынша, шабуылшының трансфері «шешілген мәселе», аргентиналық «үлкен» келісімшартқа қол қояды.

8 мамырда Мессиге Сауд Арабиясынан рекордтық ұсыныс түскені белгілі болды.

Ойыншының ПСЖ-мен қазіргі келісімі 2023 жылдың жазына дейін жасалған.

Месси осы маусымда ПСЖ сапында барлық турнирлерде 37 ойынға қатысып, 20 гол соғып, 19 нәтижелі пас берді.