Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Санжар Тәшкенбай өзінің жеңісіне қатысты пікірін білдірді.

Санжар Тәшкенбай өзбекстандық Шодиоржон Меликузиевпен екінші рет кездескенін айтты.

«Бапкерлеріммен бірге тактика жасап, жоспар құрдық. Соның нәтижесінде бәрі ойдағыдай болып, жеңіске жеттім. Осымен тоқталып қалмаймыз. Алла қаласа, қазақтың көк туын желбіретсем деймін», - деді С. Тәшкенбай.