«Астана» шабуылшысы Абат Айымбетов ел чемпионатының 8-турындағы «Мақтаралға» қарсы матч туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Абат, жеңіс пен өзің соққан гол құтты болсын! Ойын қалай өтті?

– Құттықтауларыңызға рахмет! Ойынға келсек, бірінші тайм жақсы өтті, ал екінші тайм сәл қиындау болғаны рас. Неге олай болғанын алдағы уақытта саралай жатармыз.

– Негізгі құрамда алаңға шығып, ойынды бастадың. «Астана» жоғары қарқынмен ойнады. Бапкер жылдам гол соғу керек деген тапсырма берді ме? Ал «Мақтааралға» келсек, оларға не жетіспеді?

– Жылдам гол демекші, негізі әр ойынды осылай бастап, гол соғамыз деп шығамыз. «Мақтаарал» барын салып ойнайтын команда, оның да өз себептері бар. Бұл да бізге күш береді. Мінез көрсетіп, алаңа үстемдік ету үшін барымызды салдық. Екі гол соқтық. Мүмкін содан кейін босаңсып қалдық па?! Негізі екі таймда да жақсы ойнауымыз шарт.