Каталонияда (Испания) 12 жасқа дейінгілер арасында өткен халықаралық турнирде 11 жасар қазақстандық Мәриям Нұржан чемпион атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, алдымен жеңімпаздар Каталонияның төрт провинциясында анықталды. Содан кейін олар өзара бақ сынасты.

Мәриям Нұржан Каталонияның бірінші ракеткасын 7:6 (7:3), 3:6, 10:3 есебімен ұтып, беделді жарыста үздік атанды.

Қазақстандық спортшыға жүлдені Испанияның атақты теннисшісі, кезінде «Үлкен дулыға» турнирін 14 рет ұтқан Аранта Санчес Викарио табыс етті.

Бішкекте 14 жасқа дейінгілер арасында ATF додасында тағы бір қазақстандық Аңсар Ниетқалиев жекелей және жұптық сында финалға дейін жетті. Аңсар жұптық сында қазақстандық Александр Софрыгинмен бірге ойнады.