Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) әлемнің үздік ойыншылары рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик алты сатыға көтеріліп, әлемдік рейтингтің топ-50 қатарына оралды. Тимофей Скатов бұрынғы орнында қалды, Михаил Кукушкин мен Григорий Ломакин орындарын жақсартты, ал Денис Евсеев, Бейбіт Жуқаев пен Дмитрий Попко бұрынғы орындарын сақтап қала алмады.

Жұптық рейтингте Андрей Голубев пен Александр Недовесов үш және төрт сатыға төмендеп, 63 және 69-орындарға жайғасты.

ATP рейтингі. 8 мамырдағы орындар1 (0). Новак Джокович (Сербия) – 67752 (0). Карлос Алькарас (Испания) – 67703 (0). Даниил Медведев (Ресей) – 53304 (0). Каспер Рууд (Норвегия) – 51655. (0). Стефанос Циципас (Грекия) – 50156 (0). Андрей Рублев (Ресей) – 41907 (0). Хольгер Руне (Норвегия) – 38658 (0). Яник Синнер (Италия) – 35259 (+1). Тэйлор Фритц (АҚШ) – 338010 (-1). Феликс Оже-Альяссим (Канада) – 323549 (+6). Александр Бублик (Қазақстан) – 880144 (0). Тимофей Скатов (Қазақстан) – 412293 (+2). Михаил Кукушкин (Қазақстан) – 176296 (-15). Денис Евсеев (Қазақстан) – 176316 (-3). Бейбіт Жукаев (Қазақстан) – 160419 (-12). Дмитрий Попко (Қазақстан) – 106925 (+10). Григорий Ломакин (Қазақстан) – 15

Фото atptour.com