Еуразиялық промоушен өзбек спортшысы Анвар Абдуллаевтың қазақстандық Дамир «Қазақ Сехудосы» Төленов (9-0) жазған хатын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Шерзод, мен ешқашан артық сөйлемегенмін. Айтсам, орындаймын. Енді мені тыңда: сенің ұсынысыңды қабыл алдым. Бұл айқас маған титул үшін жұдырықтксуға мүмкіндік. Тек өткен жолдағыдай лақтырып кетпе. Сені Дамирдан да тезірек талдырып, белбеуіңді Өзбекстанға алып кетемін!», – деді Абдуллаев.

27 мамырда өтетін OCTAGON 45 турнирінде Төленов тәжірибелі қырғыз файтері Алманбет Абдывасы уулумен (11-6) кездеседі.

Айта кетейік, Төленов титулын үшінші рет қорғағалы отыр. Бұған дейін «Қазақ сехудосы» отандасы Дархан Сқақов (7-5) пен тәжікстандық «гангстер» Шерзод Ибодиллоевпен (6-1) жекпе-жек өткізіп, чемпион мәртебесін сәтті растаған болатын.

Кештің негізгі жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақтағы OCTAGON чемпионы Карим Рузбакиев (9-1) ресейлік поп-ММА жұлдызы Даниял «Т-34» Эльбаевпен (9-5) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі – UNDERDOG Sports спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі – 1XBET букмекерлік компаниясы