Ташкент қаласында ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Серік Теміржанов ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов 57 келіге дейінгі салмақта мажарстандық Роланд Верешпен жұдырықтасты.

Қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.

Бұл - оның осы біріншіліктегі екінші жекпе-жегі еді.