«Ордабасы» ФК бас бапкері Александр Седнев Қазақстан OLIMPBET-Чемпионат 8-туры аясында өткен «Ордабасы» — «Қайсар» (4:0) матчын қорытындылады.

- Өте қиын матч болды. Қарсыласымыз ұйымдасқан футбол көрсетіп, оларға қарсы ойнау қиынға соқты. Дегенмен бізде стандартты жағдайларды осылай орындай алатын футболшылар бар. Алғашқы голдан кейін командаға ойнау оңай бола түсті. Үзілістен соң бірден соғылған екінші гол ойынымызда сенімділік берді.

Бүгін ойыншылар жанкүйерлерді қуантып, ойыннан ләззат сыйлауға тырысты. Мүмкін матчты ойдағыдай бастай алмадық, дегенмен артынша шабуылда ойнап, лайықты жеңіске жетті.