Кәсіпқой рингтегі оныншы жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (9-0, 7 КО) Гвадалахарада (Мексика) венесуэлалық Архенис Эспанамен (15-1, 14 КО) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші орта салмақта өткен жекпе-жек екінші раундта аяқталды, Бек қарсыласын нокаутпен жеңді.

Осылайша Бек Нұрмағанбет профи ринте он жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті, оның сегізін мерзімінен бұрын аяқтады.

Бұл кездесу мексикалық Сауль Альварестің отанындағы бокс кеші аясында өтті. «Канело» британиялық Джон Райдерді төрешілер шешімімен жеңіп,екінші орта салмақтағы абсолютты әлем чемпионы атағын сәтті қорғады.