7 мамырда футболдан Қазақстан чемпионатының 8-туры аясында Талдықорған, Ақтау және Қарағанды ​​қаласында матчтар өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын күні Астана уақытымен сағат 15:00-де талдықорғандық «Жетісу» мен көкшетаулық «Оқжетпес» кездесуімен басталады. «Оқжетпес» жеңіске жетсе, қостанайлық «Тобылдан» озып, турнирлік кестеде алтыншы орынға көтеріледі. Ал «Жетісу» өз алаңында жеңіске жетіп, ұпай санып көбейтуді көздейді.

Қазақстан астанасы уақытымен сағат 17:00-де ақтаулық «Каспий» мен «Атырау» арасындағы батыс дербиі басталады.

Астана уақытымен сағат 19:00-де Қарағандының «Шахтері» ел чемпионатының көшбасшысы петропавлдық «Қызылжарды» қабылдайды.