Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл (3-0, 3 КО) Гвадалахарада (Мексика) кәсіпқой бокстағы төртінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

25 жастағы тараздық спортшы мексикалық Фабиан Риос Фраустоны (7-6-3, 4 КО) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша Әбілхан Аманқұл кәсіпқой рекордын төртінші мерзімінен бұрын жеңісімен толықтырды.