«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Мақтааралмен» өткен ойыннан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.- Матчтың басында біздің басымдық танытып, жылдам гол соққанымыз - бәрі көңілімізден шықты, содан кейін 15 минут бойы допты бақылауда ұстауымыз тынышталып қалды.

Ойынды қорыта айтсақ, осындай матчта 4-5 гол соқсаң ғана риза боласың, өйткені біз үш ойынға жетерлік көптеген сәт жасадық, бірақ іске асыру жағы ақсап тұрды. Ал «Мақтаарал» ойын соңында бір гол соққанда, мүлде басқаша матч болар еді. Бұл жерде, әрине, мәселе шабуыл шебінде, олай ойнауға болмайды.

Тек стандарттың өзінде біз 4-5 гол салар едік, бірақ бізге жанкештілік жетіспеді, доп не қақпа теміріне тиді, не бетпе-бет жалғыз келгенде есеп аша алмаймыз, не тым жоғары тебеміз. Бұл біздің ішкі мәселелеріміз, бәрін тез арада шешуге тырысамыз. Ең бастысы, жеңіске жеттік, енді төрт күннен кейін сырт алаңдағы ойын бар.

Жазда бізде Чемпиондар лигасы болады, кестенің тығыздығына байланысты клубтармен келісіп, ойындарды резервтік күндерге ауыстырдық.