Жеңіл салмақта WBC International титулының иегері қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (4-0, 2 КО) жанкүйерлеріне қазақ тілінде үн қатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен сіздерді жақсы көремін құрметті жазылушыларым, қолдауларыңыз бен сүйіспеншіліктеріңізге рахмет, Отанымыздың даңқын әрқашан асқақтата беруге уәде беремін», - деді тараздық спортгы.

Ангелина Лукас 30 сәуірде Ыстамбұлда мексикалық Ана Аррасоланы (28-17-3, 14 КО) төрешілер шешімімен жеңіп, жеңіл салмақта International белбеуін иеленген.

Фото instagram.com/angelina_lukas1997