Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (13-0, 8 КО) канадалық Стивен Батлерге (32-3-1, 26 КО) қарсы жекпе-жегін қазақстандықтар тікелей эфирде тамашалай алады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Хабар» арнасы Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлер айқасын тікелей эфирде көрсетеді.

«Жеңіліп көрмеген отандасымыз WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулын қорғайды. Стоктандағы жекпе-жекті 14 мамыр күні 7:00-де арнамыздан тікелей эфирде көре аласыздар!», - делінген телеарна хабарламасында.