Қазақстандық боксшылар Бек Нұрмағанбет (9-0, 7 КО) пен Әбілхан Аманқұл (3-0, 3 КО) Гвадалахарада (Мексика) өтетін кезекті жекпе-жек алдында салмақ өлшеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бокс кеші Қазақстан уақыты бойынша 7 мамыр күні таңертең өтеді.

Suleimen Promotions инстаграм желісінде хабарлағандай, Нұрмағанбет пен Аманқұл салмақ шегінен сәтті өтті. Олар сәйкесінше венесуэлалық Аргенис Эспана (15-1, 14 КО) және мексикалық Фабиан Риос Фраустомен (7- 6-3, 4 КО) кездеседі.

Қазақстандық боксшылар екінші орта салмақтағы абсолютты әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес пен британиялық Джон Райдер арасындағы жекпе-жектің андеркартында өнер көрсетеді.