6 мамыр күні Ташкенттегі бокстан әлем чемпионатында 54, 63,5, 67 және 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде іріктеу жекпе-жектері өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін Өзбекстан астанасында Қазақстанның екі өкілі шаршы алаңға шығады. Екеуі де күндізгі сессияда В рингінде жұдырықтасады. 67 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда Дулат Бекбауов румын боксшысы Андрей Мустетпен кездеседі. Ал Асланбек Шымбергенов жарыстың дәл осы кезеңінде 71 келіге дейінгі салмақта Тринидад және Тобаго өкілі Аарон Принспен жұдырықтасады.

Күндізгі сессия Астана уақытымен сағат 14:00-де, кешкі сессия Қазақстан уақыты бойынша сағат 19:00-де басталады. Оны Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.