ПСЖ шабуылшысы Лионель Месси клубпен қарым-қатынасын түзеуге ниетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аргентиналық шабуылшы ПСЖ-дағы командаластары мен қызметкерлерден көпшілік алдында кешірім сұрады.

«Сәлеметсіздер ме, мен бұл бейнені барлық жағдайға байланысты түсіргім келді. Ең алдымен командаластарымнан және клубтың барлық қызметкерінен кешірім сұраймын. Шынымды айтсам, өткен апталардағыдай ойыннан кейін бір күн демаламыз деп ойладым. Мен бұл сапарды Сауд Арабиясына алдын ала дайындап қойғанмын және одан бас тарта алмадым. Қайталап айтамын, істегеніме өкінемін және кез келген шешімді қабылдаймын», - деді Месси.

Айта кетейік, Месси Лига 1-де «Лорьенттен» жеңілгеннен кейін (1:3) бас бапкер Кристоф Гальте мен футбол кеңесшісі Луиш Кампуштың рұқсатынсыз Арабияға кетіп қалған. Нәтижесінде ПСЖ шабуылшы Лионель Мессиді екі аптаға командадан шеттетті.