Бокстан Қазақстан құрамасы Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында тағы бір қатысушысынан айырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

92 келіге дейінгі салмақта Айбек Оралбай 1/16 финалда Италия өкілі Азиз Аббес Мухидинмен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіліп қалды.

Осылайша, биылғы әлем чемпионатында жеңілген қазақстандық боксшылардың саны үш спортшыға жетті.

Айта кетейік, турнир 13 салмақ дәрежесінде өтеді: -48, -51, -54, -57, -60, -63,5, -67, -71, -75, -80, -86, -92, +92 келі.