Өзбекстан астанасы Ташкентте бокстан 2023 жылғы әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кешкі сессияда қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай жекпе-жек өткізді. 1/16 финалда ол Әзірбайжан өкілі Мурад Аллахвердиевпен кездесті.

80 келі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек спортшымыздың жеңісімен аяқталды.

Бүгін Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі, Нұрбектің ағасы Айбек Оралбай (92 келі) шаршы алаңға шығады.