Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-8) UFC-дегі жетінші жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске салайық, Жұмағұлов 7 мамырда Ньюаркта (Нью-Джерси штаты, АҚШ) UFC 288 турнирі аясында бразилиялық дебютант Рафаэль Эстевамамен (11-0) кездеседі.

«Баршаңызға ассаламалейкум! Құдайға шүкір, салмағым лимиттен аспады. Иншаллах, ертең жеңіске жетеміз, қолдау көрсетіңіздер, рақмет!», — деді Жұмағұлов.