2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов (57 келіге дейін) бокстан Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

ҚР Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында Серік бұл әлем чемпионатындағы басты мақсаты алтын медаль алу екенін айтты.

«Бәріңізге қолдауларыңыз үшін рақмет. Бүгін бірінші жекпе-жегімізде жеңіске жеттік. Мақсатымыз – әлем чемпионы болу. Бапкерлер штабының арқасында жақсы дайындықтан өттік. ИншАлла, чемпион болу үшін бар күшімізді саламыз», - деді Теміржанов.

Еске салайық, бүгін Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Серік Теміржанов 1/16 финалда Мали елінің өкілі Абдул Карим Батилиді жеңген болатын.