5 мамырға қараған түні Неапольде «Наполидің» чемпиондығын тойлау кезінде атыс болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.

La Repubblica басылымының хабарлауынша, атыс Неапольдің ондаған мың тұрғыны қатысқан «Наполидің» чемпиондық атағын тойлау кезінде болған. Ер адам жарақат алып, көп ұзамай ауруханада көз жұмды.

Айта кетейік, ауруханаға келген туыстары қирата бастап, емдеу мекемесіне ауыр шығын келтірген. Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын бастады.

Еске салайық, кеше неапольдік клуб мерзімінен бұрын чемпиондық титулды жеңіп алған еді. Бұған дейін «Наполи» өз тарихында екі рет чемпион атанған болатын.