Қазақстандық теннисші Александр Бублик Экс-ан-Прованс қаласында (Франция) өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда Бублик финляндиялық Отто Виртаненді 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Кездесу 1 сағат 13 минутқа созылды.

Франциядағы «Челленджердің» 1/4 финалында Александр Бублик франциялық Гарольд Майоға қарсы ойнайды.