Тректегі велоспорттан Қазақстан командасының көшбасшыларының бірі Артем Захаров ауыр жарақатынан кейін қатарға қайта оралды. Оның айтуынша, қазіргі уақытта негізгі міндет Азия чемпионаты алдында дайындықты күшейтіп қалпыма шығып биік шыңдарды бағындыру болып табылады.

- Жалпы, мен қалпыма келдім, ештеңе мазаламайды. Енді Азия чемпионатына дейін дайындығымды ширатуым керек. Афинада өткен жарыс маған әлем чемпионатына қатысу үшін қажетті ұпайларды жинау тұрғысынан маңызды болды. Сол жерден басты мақсат Олимпиаданың лицензиясына қол жеткізу болатын.

Рамистің омниумда жеңгені өте жақсы. Бізге бұл ұпайлар Әлем кубогының, Ұлттар кубогының кезеңдерінде бірге қатысу үшін қажет. Басқа елдер екі-үш адамнан ұсынады, мен бір өзім қатысқанмын.Енді біз клуб үшін де, еліміз үшін де өнер көрсете аламыз, - деді Артемнің сөзін келтіре отырып Astana Track Cycling Team клубының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қазақстан командасы Афинадағы турнирде 14 медаль жеңіп алып, сәтті өнер көрсетті. Артем Захаров төрт марапатқа ие болған