1 шілдеде Толедо қаласында (АҚШ, Огайо штаты) өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Жан Кособуцкий (19-0, 18 КО) мен жергілікті боксшы Джаред Андерсон (14-0, 14 КО) кездесңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кеш Қазақстан уақыты бойынша 2 шілде, жексенбі таңертең өтеді. Шоу Астана уақытымен 08:00-де басталады.

Айта кетейік, Жан Кособуцкий кейінгі жекпе-жегін былтыр қарашада өткізді, Оберхаузенде (Германия) отандасымыз неміс боксшысы Хусейн Мухамедті (17-1, 14 КО) нокаутқа түсірді.