Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы ел чемпионатының 19-туры аясындғы «Мақтаарал» – «Астана» матчының өтетін күні өзгергенін хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

«Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы әкімшілігі «Астана» футбол клубының UEFA Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне қатысуына байланысты өтінішін ескеріп, «Мақтаарал» футбол клубының тиісті келісімімен Қазақстан чемпионатының XIV турындағы «Мақтаарал» - «Астана» ойынын 2023 жылғы 12 тамыздан 10 мамырдағы резервтік күнге ауыстыру туралы шешім қабылдады», - делінген ҚКФЛ ресми хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін «Астананың» тағы бір кездесуі кейінге шегерілген болатын. Ел чемпионатының 15-турындағы павлодарлық «Ақсуға» қарсы ойынын астаналықтар 24 мамырда өткізеді.