Қазақстандық боксшы Евгений Павлов кәсіпқой рингтегі оныншы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз Гвадалахарада (Мексика) жергілікті спортшы Кевин Родригес Гарсиямен кездесті.

Suleimen Promotions командасы Instagram желісінде хабарлағандай, Павлов алты раундқа жоспарланған жекпе-жекті алғашқы нокаутта-ақ жеңіспен аяқтады.

23 жастағы павлодарлық спортшы профи бокста он жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Ол сегіз жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқталды.