«Манчестер Юнайтед», «Вест Хэм» және «Лидс» клубтарының бұрынғы қорғаушысы Рио Фердинанд АПЛ-дың Даңқ Залына енгізілді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Спорт-Экспресс сайтына сілтеме жасап.

Ол жанкүйерлердің онлайн дауыс беруі, сондай-ақ сарапшылардың таңдауы негізінде Даңқ залына енгізілді.

2023 жылы АПЛ-дың Даңқ Залына енген алғашқы адамдар - Алекс Фергюсон мен Арсен Венгер.

44 жастағы Фердинанд «Манчестер Юнайтед» сапында 2002-2014 жылдар аралығында өнер көрсеткен. Клуб құрамында ол АПЛ-ды 6 рет, Суперкубокты төрт рет, екі рет Англия лигасы кубогын жеңіп алған, сонымен қатар Чемпиондар лигасын бір рет және клубтар арасындағы әлем чемпионатын бір рет жеңіп алды.

Англия премьер-лигасының Даңқ залы 2021 жылы құрылған. Оның алғашқы мүшелері: Алан Ширер, Тьерри Анри, Эрик Кантона, Рой Кин, Фрэнк Лэмпард, Деннис Бергкамп, Стивен Джеррард, Дэвид Бекхэм.

Фото: m.sovsport.ru