Қорғаушы Эмиль Нұрғалиев пен шабуылшы Дмитрий Гурков Финляндия мен Латвияда өтетін әлем чемпионатына қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Эмиль Нұрғалиев пен Дмитрий Гурков Ресей азаматтығынан бас тарту туралы өтініш берген. Алайда бұл процесс ұзаққа созылатындықтан, екі ойыншы да әлем чемпионатына дейін құжаттарын реттеп үлгермейді.

Эмиль Нұрғалиев Қарағанды облысының Абай қаласында туған. Уфа хоккей мектебінің тәрбиеленушісі. Ол 2017 жылдан бері елімізде өнер көрсетіп, "Сарыарқа" сапында Қазақстан чемпионы атанған. Ал Дмитрий Гурков Мәскеу қаласының тумасы. "Динамо" мектебінің түлегі. Ол 2015 жылдан бері "Барыс" жүйесінде ойнап келеді.

Хоккейден элиталы дивизиондағы әлем чемпионаты 12-28 мамыр аралығында Рига және Тампере қалаларында өтеді.

Қазақстан командасы Норвегия, Чехия, Швейцария, Канада, Словакия, Словения және Латвиямен бірге В тобында ойнайды.