«Барселона» шабуылшы Лионель Мессиді қайтара алатынына сенімді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кеше ПСЖ басшылығы Мессиді Сауд Арабиясына келісілмеген сапары үшін екі аптаға матчтардан және жаттығулардан шеттеткені белгілі болды. Сонымен қатар, париждік клуб аргентиналықпен 2023 жылдың 30 маусымында аяқталатын келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдады.

RMC Sport басылымының хабарлауынша, бірнеше аптадан бері «Алтын доптың» жеті дүркін иегері «Барселонамен» келіссөздер жүргізіп жатыр. Қаржылық қиындықтарға қарамастан каталондық клуб 35 жастағы Мессиді қайтара алатындарына сенімді.

Месси «Барселонадан» 2021 жылы кетіп, ПСЖ-мен екі жылдық келісімшартқа қол қойды