Қорғаушы Эмиль Нургалиев Қазақстан құрамасы сапында әлем чемпионатында өнер көрсетпейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хоккейші Ресей азаматтығынан шығуға өтініш берді, бірақ процесс ұзаққа созылды.

Еске салайық, 27 жастағы хоккейші Қазақстанда 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ойыншының айтуынша, ол Қарағанды ​​облысының Абай қаласында дүниеге келген. «Сарыарқа» сапында хоккейші Братина кубогын жеңіп алып, Қазақстан чемпионы атанды.

Биылғы маусымда Эмиль ҚХЛ тұрақты маусымында «Барыс» сапында 10 кездесу өткізіп, ұпай жинай алмады. Номад сапында 34 кездесу өткізіп, 28 (10+18) ұпай жинады.