Сәрсенбі, 3 мамыр күні бір қазақстандық боксшы 2023 жылы Ташкенттегі (Өзбекстан) әлем чемпионатында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Түстен кейінгі сессияда (Астана уақытымен 15:00) 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Талғат Сырымбетов шаршы алаңға шығады. Ол 1/16 финал кезеңінде Азияның қазіргі чемпионы иорданиялық Мохамед Абу-Джехпен жұдырықтасады. Тікелей трансляцияны Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Бұл Талғат Сырымбетовтың Ташкенттегі әлем чемпионатындағы екінші жекпе-жегі: ол Тайланд боксшысы Сакда Руамтамды сенімді жеңді.

Еске салайық, қазіргі уақытта біріншілікте төрт қазақстандық боксшы турнирді сәтті бастап, екінші айналымға жолдама алды.