Украиндық Руслан Костышиннің орнына «Ақсудың» бас бапкері болып қазақстандық маман Вахид Масудов тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақсудың жаңа бапкері – қазақстандық маман Вахид Масудов.

Вахид Юнусұлының бапкерлік тәжірибесі мол. «Тараз», «Атырау», «Ақжайық», «Қайрат», «Восток», «Ордабасы», «Локомотив», «Ақтөбе», «Мақтаарал» және Қазақстан құрамасын жаттықтырған. Қазақ жастар құрамасының тізгінінде де болды.