27 мамырда Алматыда OCTAGON Еуразиялық лигасының келесі турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің негізгі жекпе-жегінде қазақстандық Дамир Төленов (9-0) қырғыз аралас жекпе-жек файтері Алманбет Абдываси ұлымен (11-6) жекпе-жек өткізіп, жеңіл салмақ дәрежесіндегі чемпиондық атағын қорғайды.

Екінші маңызды жекпе-жекте жартылай ауыр салмақтағы ұйым чемпионы Кәрім Рузбакиев (9-1) пен ресейлік эстрада ММА жұлдызы Даниял «Т-34» Елбаев кездеседі.

Жарыс Балуан Шолақ сарайында өтеді.