Гандболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Үндістан астанасы Нью-Делиде өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан А тобында өнер көрсетеді. Біздің спортшылар Өзбекстан, Корея, Қытай және Непал гандболшыларымен шеберлік сынасады.

В тобында қожайындар Үндістан, Жапония, Тайбэй, Бангладеш, Гонконг және Пәкістан болады.

Жарыс15-24 шілде аралығында өтеді.