Осы күндері Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Саматәлі Төлтаев екінші айналымға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін 63,5 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық осы әлем чемпионатындағы дебюттік жекпе-жегінде израильдік Ахмад Штивиді төрешілер шешімімен жеңді.

Еске салайық, турнир 13 салмақ дәрежесінде өтіп жатыр: -48, -51, -54, -57, -60, -63,5, -67, -71, -75, -80, -86, -92, +92 келі. .

Турнирге әлемнің 100-ден астам елінен бокс құрамаларының өкілдері қатысады.

Айта кетейік, бұған дейін тағы үш қазақстандық екінші айналымға өткен болатын, олардың арасында: 92 келі салмақта Айбек Оралбай, 60 келі салмақта Талғат Сырымбетов және жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған Сағындық Тоғамбай.