Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан бэәлем чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

86 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сағындық алғашқы белдесуінде Конго елінің өкілі Натан Нланда Мбелиді мерзімінен бұрын жеңді. Үшінші раундта африкалық боксшы үшінші рет нокдаунға түскен соң төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Келесі айналымда 22 жастағы қазақстандық боксшы Шохжахон Абдуллаев (Өзбекстан) - Еркін Адылбек уулу (Қырғызстан) жұбының жеңімпазымен кездеседі.