Қазақстандық файтер Асу Алмабаев OCTAGON 44 турнирі және UFC-дегі алғашқы қарсыласы туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Octagon жақсы дамып келе жатқан промоушендердің бірі. Осындай промоушендер көп болса екен деймін, өйткені олар көп болған сайын, қазақ жігіттерінің талантын көрсетуге мүмкіндігі де арта түседі.

UFC туралы

Қарсылас бар, уақыты белгілі. Қазір жаттығу процесі жүріп жатыр, жақын арада ақпарат береміз», - деді Алмабаев Octagon 44 турнирі кезінде берген сұхбатында.

Айта кетейік, Асу биыл сәуірде UFC-мен келісімшартқа қол қойды. Жерлесіміз UFC-де 1 шілдеде дебют жасайды деген ақпарат бар.