Қазақстандық маман Ринат Омарбеков «Ертістің» бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен маусымда ол Евгений Штайгердің штабында көмекші қызметін атқарды. Ол сонымен қатар 2020 жылдан 2022 жылға дейін «Ястребы» командасын жаттықтырды. Оның жетекшілігімен команда финалда «Барысқа» есе жіберіп, 2021-2022 жылғы жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды.