Орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Ташкентте өтіп жатқан әуесқойлар арасындағы әлем чемпионатында бақ сынап жатқан Қазақстан ерлер құрамасына үндеу жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Сәттілік, бауырларым», - деп жазды 30 жастағы спортшы Твиттердегі парақшасында.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы 2013 жылы Алматыда өткен әуесқойлар арасындағы әлем чемпионатында 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған болатын. Сондай-ақ ол әуесқой арасында Азия чемпионы (2013) және Азия ойындарының жеңімпазы (2014) атанған.

Фото instagram.com/janibek_alimkhanuly