Шабуылшы Никита Гребенкин мен қазақстандық қорғаушы Валерий Орехов жалға беру мерзімі аяқталған соң «Металлургке» оралды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі metallurg.ru сайтына сілтеме жасап.

Гребенкин өткен маусымның басым бөлігін «Амур» командасында, ал Орехов «Адмиралда» өткізді.

19 жастағы Гребенкин өткен маусымда 53 кездесу өткізіп, 26 (9+17) ұпай жинаған. 23 жастағы Ореховтың еншісінде 50 кездесуде 3 (2+1) ұпай бар.