Криштиану Роналду Сауд Арабиясынан кетуге шешім қабылдады, ол Мадридке оралғысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Sport24 португалиялық футболшые «Аль-Наср» сапында ойнаудан жалықты деп хабарлайды. Ол мәдениеті жабық, тілін білмейтін елде өмірге бейімделе алмады.

Роналду «Аль-Насрға» қайтарда еркін агент ретінде ауысты. Оған дейін «Манчестер Юнайтедпен» келісімшартын бұзған. Саудиялық клуб Криштиануға жылына 200 миллион еуроға жуық жалақы төлейді, ол әлемде ең көп жалақы алатын футболшы атанып отыр.

Бірақ CR7 үшін ең маңыздысы ақша емес, ол Арабиядан кетуге шешім қабылдады. Роналдудың өзі Мадридке оралғысы келеді. Ол кезінде «Реал Мадрид» сапында керемет жетістікке жеткен болатын.

«Реал» президенті Флорентино Перес Роналдуға клубта жұмыс ұсынатыны туралы қауесет бар, бірақ ойыншы ретінде емес. Перес Криштиануды футболшы ретінде командаға алмайтыны анық. Ол ойыншыға клуб елшісі қызметін немесе клуб басшылары арасынан бір қызмет ұсынуы мүмкін.