29 сәуірде Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасының OCTAGON 44 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Иран, Әзербайжан, Ресей, Бразилия және Бахрейн файтерлері қатысқан 14 тартысты жекпе-жек өтті.

Бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипованың, танымал теле және кино актері Еркебұлан Тоқтардың, танымал файтер Олжас Есқараевтың, және ММА-да дебют жасаған блогер Әділет «Упучук» Айтжановтың өнеріне көрермен риза болды. Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы ұйым чемпионы бахрейндік Магомед Магомедов (11-0) тәжірибелі қазақстандық файтер Әділ Боранбаевқа (21-9-1) қарсы титулын қорғайды.

Кеш қазақстандық екі ауыр салмақтағы спортшы – дебютант Алдияр Жексенбиев пен 18 жастағы Полат Мурсалиев (1-0) арасында кездесумен басталды. Жекпе-жекте бірінші раундта Мурсалиевтің техникалық нокаутымен аяқталды.