«Атырау» шабуылшысы Мұқағали Пангерей Қазақстан кубогының 1/8 финалындағы «Ақтөбеге» қарсы қарымта ойын – 0:0 (пен. 9:8) жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойыншының пікірін атыраулық клубтың баспасөз қызметі жариялады.

- Командада бір ғана мақсат болды - келесі кезеңге өту. Ойын барысында оңтайлы сәттерді қолдана алмадық. Бәрін ойын соңындағы пенальти шешті. Жаттығу барысында біз мұндай жағдайдың болуын білдік. Команда пенальтиге дайын болды, - деді шабуылшы.