Ла Лиганың 32-турындағы «Барселонаның» «Бетиске» қарсы ойын кезінде қорғаушы Жюль Кунденің үйі тоналған, деп хабарлайды Prosports.kz.

Mundo Deportivo мәліметінше, матч кезінде Кунденің үйіне қарақшылар кірген. Ойыншы бұл оқиға туралы полицияға және клубқа хабарлаған.

Бұл «Барса» ойыншылары арасында тоналған бірінші футболшы емес. Ең шулы және қатыгез жағдай былтыр тамызда Пьер-Эмерик Обамеянг «Челсиге» ауысар алдында болды. Сол кезде қарақшылардың бірі габондықтың әйелін шашынан сүйреп, футболшы оны қорғауға шыққанда, мылтық дүмімен оның жағын сындырған.